ҰҚК: Самат Әбіштен жауап алынды

Тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда оның күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. Анығы, ол Қазақстанда. Самат Әбіш қаңтарда Президенттің өкімімен ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді.

Асқар Әмірханов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

– Тергеу жүріп жатқан кезде мен бұған қатысты пікір білдіре алмаймын. Бұл іс жіті тергелгеннен кейін барып сіздер қойған барлық сауалдың жауабы айтылады. Тергеу құпиялығын сақтау керек.