Алматыда ұрланған телефондар Бішкектен табылды

Алматылық криминалдық полицейлер жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 250-ге жуық мобильді құрылғы қайтарылып алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, отандасымыздың бірі Қырғызстан азаматымен өзара байланыс орнатқан. Ол оған Алматыда ұрланған смартфондарды беріп жіберіп отырған. Оның орнына Бішкекте қолды болған гаджеттерді алған. Қазір күдікті қамауда. Ол өзінің бұл іске қатысы барын мойындады. Қазір полиция табылған ұялы телефондардың қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Мобильді телефондардың бір бөлігі өз иелеріне қайтарылды.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 1989 жылы туған П. есімді азаматты анықтап, ол азаматтың қылмыстық жолмен табылған ұрланған заттарды сатып алатыны анық болды. 202 Іздестіру шаралары барысында 246 ұялы телефонның ізіне түскен болатын. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.