Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Генерал-лейтенантпен бірге Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Арысбаев пен тағы бірқатар адамдар ұсталды. Олар Қазақстан – Қытай шекара бекеттерінде билікті асыра пайдаланды деген күдік бар. Қазір олардың барлығы сотқа дейінгі тергеу үшін уақытша ұстау абақтысында отыр.