БҚО-да жоғалған бала табылмай жатыр

Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде жоғалған 8 жастағы бала әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше үрмелі матраспен жүзіп жүрген баланы қатты жел көлдің ортасына алып кеткен. Соңынан немересін іздеуге атасы да шыққан. Бірақ ол да із-түзсіз жоғалған еді. Іздестіру жұмыстарына жергілікті құтқарушы жасақтар мен волонтерлер тартылған. Тікұшақпен іздеу барысында түнде көлдің қарсы бетіне жүзіп өткен 65 жастағы атасы аман-есен табылды.

Данияр Тілеуханов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Таңертеңнен іздестіру жұмыстары жалғасуда. 13 адам, 4 катер, екі единица техника және туыстары барлығы іздестіріп жатыр. Осы уақытқа дейін ақпарат жоқ. Жыл басынан бастап осы уақытқа дейін үш адам суға батты, оның ішінде бір оқушы.