Қатон-Қарағайда екі альпинист қаза тапты

Шығыс Қазақстандағы Катон-Қарағай ауданында 2 альпинист опат болды.

Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Бүгін таңғы сағат 10:00-де 4 альпинист Белуха тауына көтеріліп, туристер жүретін жолды нығайтпақ болған. Бірақ көшкіннің салдарынан 2 адам қардың астында қалып қойды. Біреуі 30, екіншісі 34 жастағы Ресей азаматы. Тағы бір маман жарақат алды. Оларды құтқару үшін МИ-8 тікұшағы жіберілді. Жауапты ведомство өкілдері осындай оқиғалардың алдын алу үшін тиісті қауіпсіздік шараларын орындау қажеттілігін ескертті.