Қордайда қатты сел жүрді – Жамбыл облысы

Кеше кешке Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында бір сағаттай бұршақ жауып,таулы аймақтан сел жүріп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан жолды су шайып, көлік қозғалысы қиындады. 2 шаруашылық ғимараты зақымданып, газ құбыры істен шықты. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жамбыл облысындағы Ноғайбай ауылынан 6 шақырым жерде, Ырғайты өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, айдында қалған 5 адам құтқарылды.