Екібастұзда бұрын сотталған азамат есірткімен ұсталды

Екібастұз тұрғынын есіртікі таратқан деген күдікпен қамалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласындағы Королев-Қостанай көшелерінің қиылысында 28 жастағы қала тұрғынын ұстаған.

- Жеке тінту барысында күртешенің қалтасынан ұнтақ тәрізді заты бар 126 түйір табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған зат аса ірі мөлшерде, салмағы 66 грамм а-РVР (жылдамдық) психотроптық зат болып табылады, - деді департаментте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 97-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Екібастұз қаласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, ұсталған азамат бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.