ШҚО-да орман өрті көбейіп тұр

Күн ысығалы 94 рет өрт болған. 900 гектардан астам алқап жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 70 процентіне найзағай түскен. Қалғаны тұрғындардың салғырттығы. Қазір өңірдегі бірнеше ауданда өрт қауіпі. Орманға кіруге қатаң тыйым салынды. Әсіресе, жасыл желегі көп. Күршім, Бесқарағай, Көкпекті, Бородулиха аумақтарында шектеу бар.  Құтқарушылар күн сайын әуеден шолу жүргізеді. Бұдан бөлек космо-мониторингтік барлау жүйесін  пайдаланады. Спутниктің арқасында мамандар 400-ден астам өртті өршітпей сөндірген.

Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД басқарма бастығының орынбасары:

- Маңызы өте жақсы, өйткені ол космомониторингтің  темонүктелері жедел кезекшілігіне түседі, жедел түрде қай ауданда екені анықталады. Өрт анықталған  жерге жіберіп, сөндіру жұмысына кіріседі.

Сондай-ақ...