476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада BMW X7 көлігі аударылып қалды

  • 239
  • UPD: 15:02, 25.06.2022
Елордада BMW X7 көлігі аударылып қалды

Елордадағы ЕК-32 көшесі бойында BMW маркалы көлігінің аударылуының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 маусымда сағат 00:10 кезінде BMW X7 көлігінің жүргізушісі ЕК-32 көшесімен келе жатып, Достық көшесімен қиылыста көше бойындағы бағанға соғылған. Осының салдарынан көлік аударылып түсті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен көлік жолаушысы аурухана жеткізілді» делінген қалалық полиция департаментінің мәліметінде.

Дәрігерлердің тексеруінен өткеннен кейін аталған жолаушы үйіне жеткізілді. BMW X7 көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде елорда көшесінде аударылып жатқан көлікке қатысты видео тараған болатын.

Хабар 24 телеарнасы