Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде куәгерлер үш қызды құтқарып қалды

Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде үш қыз суға кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бурабай курортына демалуға келген үш қыз Үлкен шабақты көлінде шомылу кезінде суға батып кете жаздады. Жағадан алыс жүзіп кеткен оларды құтқарушылар жеткенше, сол маңда жүрген куәгерлер құтқарып қалды», – деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. Анықталғандай, 14 жасар жасөспірімді судан алып шыққан кезде ол есін білмеген. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.