Ақмола облысында жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті

Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті. Сонымен бірге бірқатар елді мекен жарықсыз қалды.

«25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел саларынан 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.