Қапшағай су қоймасында 4 адам қаза тапты

Қапшағай су қоймасында 4 адам қаза тапты. Оның екеуі бала.

Марқұмдар рұқсат етілмеген аумақта суға түсіп жүрген. 1954 жылғы тағы бір әйел құтқарылды.

Мамандардың хабарлауынша, толқын көтеріліп, екі баланы ағызып әкеткен. Туыстары оларды құтқаруға асығыпты. Қазір балалар мен ер адамның денесі судан шығарылды.