Өскемен тұрғыны ойыншық тапаншамен ЖЖҚС-ға шабуыл жасады

Өскемен тұрғыны ойыншық тапаншамен ЖЖҚС-ға шабуыл жасады

Маска киген Өскемен тұрғыны ЖЖҚС-ға шабуыл жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамырда Өскемен қалалық ПБ «102» жедел каналына өтініш келіп түсті. Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал «Кальмар ойыны» сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-ға кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.

Тергеу іс-шараларының барлық кешенін жүргізген криминалдық полицияның жедел қызметкерлері 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылды, ал тапаншаның өзі үйде тәркіленді, ол ойыншық болып шықты.

– Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сараланады, санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.