476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде жанармай құю бекетіне шабуыл жасалды

  • 161
  • UPD: 08:34, 28.06.2022

Өскеменде бетперде киген қарулы ер адам жанар-жағармай құю бекетіне шабуыл жасаған.

Түсірілген бейнежазбадан белгісіз біреудің қарумен қорқытып, инкассаторлық сөмкеде 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткені анық көрінеді. Жедел іске кіріскен тәртіп сақшылары 40 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ұрланған ақша ер адамның көлігінен, ал қару үйінен табылған. Қарудың ойыншық екені белгілі болды. Енді күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырауда жарты тоннадан астам бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдағандар анықталды. Теңіз және Дамбы балық инспекциясының тәртіп сақшылары теңіз бағытынан келе жатқан Байда қайығын тоқтатқан. Алайда күдіктілер Жайық жағасына қайықтарын тастап қашақан.Тексеру барысында 534 келіге жуық су маржаны тәркіленді. Қазір жалпы браконьерлерді ұстау мақсатында рейдтік жұмыстар қолға алынған.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны өз үйінде жарты келі есірткі сақтаған. Күдікті Серебрянск қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың қарасора тұқымына жататыны анықталды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында да есірткі өсірумен айналысқан тұрғын ұсталды. Тәртіп сақшылары 45 жастағы күдіктінің саяжайынан 278 түп қарасора анықтаған. Сондай-ақ үйінің шатырынан да жасырылған есірткі заттары табылды. Ұсталған тұрғын өз кінәсін толық мойындаған. Қазір сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Екібастұзда 6 жасар баланы көлік қағып кетті. Жолға жүгіріп шыққан баланың жеңіл автокөліктің астына түскен бейнежазбасы желіге тараған. Қазір тәртіп сақшылары жүргізушіні іздестіріп жатыр. Ал жарақат алған бала дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы