476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде қатты желден екі қыз баланың үстіне аялдама құлады

  • 169
  • UPD: 13:39, 28.06.2022
Өскеменде қатты желден екі қыз баланың үстіне аялдама құлады Иллюстративті фото / 24.kz

Өскемен қаласында қатты желден екі баланың үстіне аялдама павильоны құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 27 маусымда қатты желдің салдарынан шаһар бойынша коммуникация сымдары үзіліп, ағаштар құлады. Тротуарлар мен қала көшелерін ағаштар, үлкен бұтақтар жауып қалды. Сондай-ақ желден трамвайлар 3 бағытта уақытша қатынамады. Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама павильондары құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Қазіргі уақытта олар қалалық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде.

«Барлық жерге «Таза Өскемен» кәсіпорнының мамандары аттанды. 10 бригада арнайы техникамен жолдарды, көшелерді тазартты. Гагарин бульвары аялдамасының павильоны «ҚазӘлем» атты мердігер компанияның кепілдігінде. Өтепов аялдамасына «Таза Өскемен» мекемесі қызмет көрсетеді. Осы екі жағдай бойынша жауапты ұйымдардың кінәсі бар-жоқтығын анықтау үшін ішкі аудит жүргізіледі» делінген ақпаратта.

Хабар 24 телеарнасы