Бала саудалайтын интернет сайт анықталды – Алматы прокуратурасы 

Алматы прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік интернет сайтты анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда нәрестелерінен бас тартқысы келетін жас әйелдер заңмен белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз «бала сатып алуды» ұсынады. Сонымен қатар сайтта асырап алғысы келетіндер де жаппай жазба қалдырып отырған. Қадағалау органының мәліметінше, жаңа туған сәбиінен бас тартқан жас келіншектер заңды белшесінен басқан. Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сайттың жұмысын заңсыз деп тану туралы арыз жазып,  сотқа жүгінді. Соттың шешімімен сайттың Қазақстан аумағындағы қызметі тоқтатылды. 

Ізбасар Масақбаев, Алатау ауданының прокуроры:

– 48 факт анықталған болатын. Оның ішінде, яғни, қазіргі таңда аты жөні белгілі екі ана бар. Екі ананың біреуі 21-де біреуі 25-те. Бір факт бойынша сәбиді басқа ата-аналардың қолына берілгені анықталды. Екінші факт бойынша дүниеге әкелген ана баланы басқа ата-анаға беруден бас тартты. Оның өз ата-анасы қарайтын болды.