476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодардағы жағажайда із-түзсіз жоғалып кеткен баланың денесі табылды

  • 160
  • UPD: 16:08, 28.06.2022
Павлодардағы жағажайда із-түзсіз жоғалып кеткен баланың денесі табылды pavlodarnews

Ол 25 маусым күні танысымен бірге орталық жағажайға суға шомылуға келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Vita Павлодар іздестіру жасағы мәлімдеді.

- 2004 жылы дүниеге келген ер бала танысымен суға шомылуға кетіп,  содан оралмаған. Жағалауда досын бір сағат күткен ол бірге келген адамның жоғалып кеткені туралы ешкімге айтпастан үйіне кетіп қалған. Ал жас жігіттің заттары мен киімі жағалауда қалған. Бізге жақындары іздеуге көмек сұрап сол күні түнгі сағат 24:00-ден кете хабарласты, - деп жазады еріктілер.

18 жастағы жас жігітті іздеу үш күнге созылды. Еріктілер бүгін оның денесі судан шығарылғаны туралы хабарлап, жақындары мен отбасына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы