ШҚО-да өздері бағып жүрген малды ұрлаған күдіктілер ұсталды

Сөйтіп олар мал иесіне 7,3 миллион теңге шығын келтірген, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілердің үстінен Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны Тарбағатай аудандық ПБ кезекші бөліміне шағым түстірді. Оның екі қызметкері (малшылар) өткен жылдың қараша айынан бастап 24 бас ірі қара малды ұрлағанын мәлімдеді. Polisia.kz сайтында жарияланғандай, жәбірленушіге 7,3 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Онда ұсталған адамдар жауап алу кезінде өз кінәларын мойындады. Күдіктілерге аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі бойынша санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қазір сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.