Атырауда қырылған құстың саны 5 мыңнан асып кетті

Атырауда қырылған құстың саны 5 мыңнан асып кетті

Мамандар 17 маусым күні Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен алаңы маңайынан және «Ақжайық» табиғи резерваты аумағынан «қарабас шағаланың» өлекселерін тауып алған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кезде 1000-ға тарта құстың өлгені анықталған. Оқыс оқиғаға байланысты Атырауға шұғыл жеткен Республикалық микробиология және вирусология институттың мамандары облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандарымен бірлесіп, зерттеуге кірісті. Шағалалардың қандай кеселге тап болғаны әзірге анықталған жоқ. Жиналған құс өлекселері өртеліп жатыр. Айта кету керек, 1 шілдеден бастап рұқсат етілетін әуесқой аңшылар үшін биылғы құс ату маусымы әзірге ашылмайды. Сондай-ақ облыста барлық үй құсынан да сынама алынатын болды. Оқиға орынан байланысқа шықққан мамандардың уәжіне құлақ түрейік.

Мереке Шалқаров, облыстық Орман шаруашылығы және жануаралар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

- Сынамалардың қорытындысы бойынша НКОК компаниясындағы ДС-01, ДС-04 аралдарынан зерттеу қортындысы бойынша референттік Орталықтың Астана қаласының АН5 деген құс тұмауының оң нәтижесін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта екі аралда 2250 құстың өлгені тіркелді. Оның ішінде «қызыл кітапқа енгені жоқ. Сонымен қатар осы жағдай анықталған соң «Ақжайық резерваты аумағын толықтай мониторингтеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Осы жұмыстар кезінде «Ақжайық» резерватына қарасты «Шалыга» аралында 26 маусым күні 2500 данадай өлген шағала құсының өлекселері табылды.

Авторы: Арыстанбек Кенже