Өскеменде құйыннан келген шығынды кім өтейді?

Өскеменнің шетіндегі Новоявленка ауылының тұрғындары құйыннан келген шығынды кім өтейді деп алаңдаулы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде салар болсақ, кеше кешқұрым ауылда алапат дауыл көтеріліп әп-сәтте 8 үй-жайдың шатырын жұлып әкеткен. Дауылдың күшті болғаны соншалық, жабындыларды бірнеше метр жерге дейін айналдыра ұшырып жіберген. Кейбір ауланың шарбақтары да құлап қалды. Электр желілерін де үзіп кеткен. Жергілікті жұрт бұрын соңды осындай қатты жел көрмедік деп  таңданыстарын жасырмады. Жолындағының бәрін жайпап өткен құйыннан келген шығын көлемі де ауқымды. Мәселен Оразхановтар отбасы қазір шатырсыз қалды. Нөсер жауса үйді су басып қала ма деп алаңдаған олар, таң атысымен құрылыс материалдарын тасып, төбелерін жауып алуға тырысып жатыр. Салалық мамандардың айтуынша, жергілікті әкімдік осы оқиғаны төтенше жағдай санатына жатқызса ғана, шығын өтеледі.

Құрманғазы Ержебаев, Новоявленка ауылының тұрғыны:

- Алған материалдарымыз 500 мыңға шықты уже ағаш материалдар,сосын проф листер қымбат,шегесі баршүрпі бар+  мына үйден ұшырған линияға тигізбей арғы көшедегі біреудің забрына түсіріпті ол жерде әлі жатыр тасыған да жоқпын.

Жәлел Оразханов, Новоявленка ауылының тұрғыны:

- Осынша жас міне алпыстамын,осынша жасқа келіп көргем жоқ осындайды,бірақ 3-4 минут ішінде айналып шиферлар бәрі дәптердің беті сияқты ұшып кетті 3 минутта болған жағдай.