Елорданың Есіл ауданында жыл басынан 760-қа жуық ұрлық жасалған

300-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды. Бұл былтырғы дерекпен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық полиция департаменті Есіл аудандық басқарма бөлімінің бастығы Самғат Тынышев осылай дейді. Әсіресе, есігі ашық қалған пәтерлер мен қоғамдық орындардағы ұрлық тиылмай тұр. Көліктер мен көлік ішіндегі заттарды қолды қылу жағдайы көп. Мәселен, биыл ауданда 10 темір тұлпар ұрланған.

Самғат Тынышев, қалалық ПД Есіл аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Жер үйлерге кіретіндер бар. Терезені ығыстыру арқылы дейміз. Қаланың шеткі аймақтарында жер үйлерге кіретін ұрлықтар азайған емес, болып жатыр. Мұны тоқтату үшін әр үйді аралап терезеге қауіпсіздік торын орнату туралы ескертпе айтып келеміз, азаматтарымызды қосымша ақпараттандырамыз.