ШҚО-да ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген

Маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ 102 жедел арнасына Тынышпаев көшесінде өрт басталғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция оқиға орнына шығып, тексеру барысында 44 жастағы ер адам 48 жастағы бірге тұрған әйелімен жанжалдан кейін оның үйін қасақана өртегенін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 6 млн теңгеге бағаланады. Құқықтық тәртіп сақшыларының жедел іс-қимылдарының арқасында, қаскүнем ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді, онда жауап алу кезінде кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.