Ақмола облысында бұрынғы шенеунік сотталды

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандандырылған ауданАралық соты оны ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты деп, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ресми мәліметке сүйенсек, Димаш Таласбаев бір компанияға тендерден үлес алуға уәде беріп, еңбегі үшін 30 млн теңге талап еткен. Бұл соманың жартысын алып жатқан жерінде ұсталды.