Шымкентте мердігер мекеменің директоры бюджет қаражатына қол салды деген күдікке ілінді

Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті 2019 жылы мүгедек балаларға арналған ойын алаңының құрылыс актісін толтырғанда, жалған дерек жазған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде күдіктінің бюджетке үш миллион теңге шығын келтіргенін  анықтады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Қаржы мониторингі агенттігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмысын жалғастыратын болады .