Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды

2022 жылғы 1 шілдеде сағат 18:55-те Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайда құтқарушылар патрульдеу жүргізу кезінде жағадан 250 метр қашықтықта 1997 жылы туған ер адамды құтқарды. Ол үрлемелі матрасқа отырып, жағадан алыстап кеткен.

Сол күні сағат 19:00–де құтқарушылар жағалаудан 400 метр қашықтықта тағы екі ер адам құтқарылды. Олардың бірі 2000 жылы туған  ер адам суда аяғының сіңірі тартылып, суға батып кете жаздаған. Енді бірі 1998 жылы туған азамат өз күшін жете бағаламай, үрейге бой алдырып суға батып кете жаздады.

Құтқарушылар үш ер адамды қауіпсіз жағаға эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес. Оларға судағы қауіпсіздік ережелері және құтқару кеудешесінсіз суда шомылудың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарға суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі