Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды

Журналист-блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәлімдеуінше, БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолы кесілген. 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынды. «М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде», – делінген ресми хабарламада.