Атырау облысында автобус пен көлік соқтығысты

Жол-көлік апаты 3 шілде күні сағат 09:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолының 105-шақырымында болған.

«Хигер» маркалы автобус пен Toyota Camry көлігі соқтығысқан.

Атырау облыстық Полиция департаменті мәлімдегендей, оқиға салдарынан автобустағы алты жолаушы жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Тергеу жүріп жатыр.