Үржар ауданының Алакөл жағалауындағы демалыс орындарының бірінде өрт шықты

Кеше түнде Үржар ауданының Алакөл жағалауындағы демалыс орындарының бірінде өрт шықты. Қатты соққан желдің кесірінен қызыл жалын жақын маңдағы демалыс базасына да жайылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Өрт шамамен 1000 шаршы метр аумақты шарпыған. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жанып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  жеке құрамынан 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар да көмекке келді. Полиция жақын маңдағы базаларды оқшаулаған.