Антикор елордалық стадионды апатты деп тану үшін пара алу фактісін тергеуде

Антикор елордалық стадионды апатты деп тану үшін пара алу фактісін тергеуде
Sputnik Казахстан

Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады. 

Тергеу жалғасуда.  Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.