Теңіз кенішінде жарылыс болып, 2 адам қаза тапты

Теңіз кен орнында тағы да жарылыс. Оқыс оқиға бүгін сағат 10:30 шамасында болған. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі дене жарақатын алғаны белгілі болды.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, онда атмосфералық газы бар құбырда гидросынақ жүргізілген. Салдарынан қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылды. Жарылыстың болғанын «Тенгизшевройл» компаниясы растап отыр. Дәл қазір құзырлы органдар қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлімімен тергеу амалдарын бастады. Кен орнындағы жұмыс толық тоқтатылған. Қосымша ақпарат алдағы уақытта берілетін болады.