Алматы облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тауып, қызы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Әйел адам жүкті екен. Бұл қайғылы оқиға Байсерек-Қараой тас жолының бойында болған. Бастапқы болжам бойынша трассаның 26-шы шақырымында Volvo автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, Mersedes көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан екі машинаның да күл талқаны шыққан. Мерседес жүргізушісі мен оның жұбайы сол жерде жан тапсырған. Артында отырған төрт жасар қызы түрлі жарақат алған. Volvo көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы да ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

АУЫЛ МАҢЫНДА ҚАРАСОРА ӨСІРГЕН

Қызылорда облысының Қармақшы ауданының тұрғыны ауылдан шетінде қарасора егіпті.  Оның заңсыз әрекеті полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел алды-алу іс-шарасы барысында анықталды.  Сол жерден 766 түп  қарасора шөбі алынған. Сараптама қорытындысында айғақ зат ретінде тәркіленген өсімдіктің салмағы 3 келі 550 грамм тартты. Көлеңкелі кәсіпке  әбден дайындалғаны байқалады. Өйткені алқап басынан азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, генератор,  тамшылатып суару желісі сияқты  түрлі шаруашылық құрал-жабдықтары алынды. Күдікті уақытша үстау абақтысына қамалды. Қазір сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

СУҒА КЕТКЕН АДАМНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Ақтау қаласында сүңгуірлер суға кеткен ер адамның денесін тапты. Бір күн бұрын төтенше жағдайлар қызметіне Самал 2 шағын ауданында теңіз жағалауында бір адамның суға батып кеткені туралы хабар түскен. Ол 1993 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны екен. Ағайындарымен бірге балық аулауға келіпті. Суға батқан адамның денесін іздеуге он жеті адам, төрт техника тартылды.