ДСМ Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пактың қылмысы дәлелденбеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлері Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пак ісін тергеу кезінде рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеуге қатысқан топтың әрекетіне орай сотқа дейінгі тергеуді бастады. 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеді, ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. 2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Л.Ю.Пак қайтыс болды. 2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пак әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.