Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты

Қостанай облысында көлік пен жылқы соқтығысып, екі адам қаза тапты

Полицейлер «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түнгі сағат бір шамасында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолының 134-шақырымында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Шетелдік көлік жүргізушісі жылқыны соқты. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр» деп хабарлады полициядан. Жылқының иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары күре жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

«Жүргізушілерге тағы да үндеу жолдаймыз: жолда абайлап жүріп, қырағы болыңыз, жол ережесін сақтаңыз, адамдардың өмірі соған байланысты» деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Қазіргі кезде облыстың тас жолдарында патрульдеу күшейтілді.