Қызылордада 10 жасар бала бассейнге батып кете жаздады

Қызылорда қаласында бассейнге суға түсіп, батып кете жаздаған 10 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қызылорда қаласындағы «Арай» аквапаркіне суға түспек болған 10 жастағы бала бассейндегі суға батып кете жаздаған. «Аквапарк құтқарушылары баланы дер кезінде судан шығарып үлгерген. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтады», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу кезінде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып отыр.