Қарағанды облысындағы ауылдарда жауыннан ауланы су басты

Қарағанды облысындағы Сенокосное ауылында су деңгейі азайды.

Еске салайық, мұнда толассыз жаңбыр салдарынан бірқатар үйдің ауласын су басты.

Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Оқиға орнына 35 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 13 мотопомпа тартылды.