«Убердің» заңсыз ісі анықталды

«Убер» әлемде нарықтарды игеру кезінде өзіне тиімді шешімдер қабылдану үшін жергілікті басшыларға ықпал етіп отырған. Халықаралық журналистер бірлестігі мен коммерциялық емес журналистер желісі компанияның ішкі құжаттары мен электрондық хаттарын және есеп-шоттарын тексере келе осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеуге қарағанда компания 2009 жылы құрылғаннан бастап ондаған елдегі такси қызметіне қатысты ережелерді өзгертіп, мобильді қосымша арқылы арзан көлік қызметін ұсынуға тырысқан. Компания өзінің өткен тарихында қателік жібергенін мойындады. Бірақ 2017 жылы басшылық ауысқаннан бастап бірлестікті өзгерту қолға алынғанын айтады.