Ақтөбе облысында 8 жасар бала өзенге батып кетті

8 жастағы бала Тамды өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілде күні Ақтөбе облысы Алға ауданында қайғылы оқиға болды. Ата-анасымен бірге жүрген бала Тамды өзеніне батып кеткен. ТЖД қызметкерлері 2,5 метр тереңдіктен 8 жасар баланың мәйітін алып шықты.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 4 бала суға батып кеткен. Ақтөбе облысының полицейлері суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.