Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Сенокосный ауылында жауған жаңбырдан тұрғындардың дүние мүлкіне залал келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті әкімдік зардап шеккендерге қордан қаржы бөлу үшін осындай шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, толассыз жауған жаңбыр салдарынан елді мекендегі 12 аула мен 9 үйді су басып қалған. Баспана ішіне кірген су 20 сантиметрге дейін көтерілді. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жүр. Табиғи апаттан жылжымайтын мүлкі және техникасы бүлінген тұрғындарға ғана өтемақы төленеді. Төрт түліктің қырылу фактісі тіркелмеген. Үй құстары да түгел деп мәлімдеді жергілікті әкімдік өкілдері.    

Руслан Нұрмұханбетов, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары:

– Сенокосный ауылы тұрғындарына тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Залал тиген үйлердің ауласын тазарту жұмыстары басталды. Барлық мәселе бақылауға алынды.