Қызылордада дәмханаға ұры түсіп, 700 мың теңге жымқырып кетті

Қызылорда қаласында дәмханалардың біріне ұры түсті. Ол есепшінің кабинетіндегі сейфтен 700 мың теңге жымқырған. 

Қылмыстық әрекетке қатысты сол дәмхананың 22 жастағы қызметкері күдікке ілініп отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жамбыл облысында екі ер адам аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталды

Полицейлер оларды тұтқындаған төңіректен 133 келі марихуана және 2 орақ тапты. 31 және 36 жастағы күдіктілер кінәсін мойындаған. Олар он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қызылордада көлік аккумуляторын ұрлағандар ұсталды

Қызылорда қаласының полиция басқармасына 7 тұрғыннан көліктің аккумуляторы ұрланғаны жөнінде арыз түскен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш күдіктіні қамауға алды. Ведомство мәліметінше, олар жергілікті тұрғындар. Күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Түркістан облысында қылмыстық топ ойынхананы тонап кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қару ұстаған екі ер адам кассирге қоқан-лоқы көрсетіп, жәшіктен 350 мың теңге алып кеткен. 

Сұлтанбек Үсіпбеков, облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы:

- Аталған дерек ҚР ҚК 192-бабына дәрежеленіп, іс қозғалып, Түркістан қаласының тұрғындары ұсталды. Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.