Павлодар облысында жол апатынан 17 жастағы бозбала қайтыс болды

Оқыс оқиға Железин ауданында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Жол-көлік оқиғасы шілденің 10-ы күні сағат 16:40-та Железин ауылында Сарымов-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. Мұнда Yaqi200 маркалы мотоциклі мен ГАЗель автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 жастағы кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, – делінген баспасөз хабарламасында.

Автокөлік пен мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.