Жеңіл атлетикадан отандық жаттықтырушы қаза тапты

Жеңіл атлетикадан отандық жаттықтырушы Жүзгенбаев Мұратты Ыстықкөлде көлік қағып, өкінішке орай, көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде ол жүгірген тәлімгерінің соңынан велосипедпен жүріп отырған.

Қайғылы оқиға Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы елді мекенде таңғы сағат 07:40-та болды. Жедел-тергеу тобының мәліметінше, Балыкчы - Ананьево – Каракол автожолында екі көлік соқтығысып, салдарынан көліктің бірі жол жиегінде жүріп бара жатқан қазақстандық спортшыны соққан. Спортшы оқиға орнында көз жұмды.

Полиция өкілдері материалдарды тергеу қызметіне беріп, тиісті сараптама тағайындалды. 58 жастағы Мұрат Жүзгенбаев Алматы облысында жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы болған, Жеңіл атлетика федерациясының үздік 10 бапкерінің қатарына кіреді.