Желіде алматылық қыздың соққыға жығылған видеосы тарады

Желіде алматылық қыздың соққыға жығылған видеосы тарады

Күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Полиция ер адамды ұстады.

Желіде қыз баланың соққыға жығылған видеосы тарады. Видео сипаттамасында аталған оқыс оқиға Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, Алматы технологиялық университетіне қарама-қарсы бетте орын алғаны айтылады.

Алматы қалалық ПД ұрып-соғу фактісі 293-баптың 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша СДТБТ-де тіркелгені туралы хабарлады.

Полицейлер сараптама тағайындап, кінәлі адам заңға сәйкес жаза тағайындалады деп сендірді.