Оралда көлік тізгіндеген оқушы рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды

Оралда көлік тізгіндеген оқушы рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды

Оралда 10-сынып оқушысы айдаған автокөлік ағашқа соғылып, көліктегі жас жарымдағы сәби жансақтау бөліміне түсті.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 шілде күні сағат 21.00-де М.Мәметова көшесінде болды. «16 жасар 10-сынып оқушысы «ВАЗ-2170 Лада Приора« автокөлігінің рөліне ие бола алмай, ағашқа барып соғылған. Жол апаты салдарынан жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді. Медициналық куәландыруға сәйкес ол ішімдік ішпеген. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған кішкентай қыз бала сол аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.