Қостанай облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

17 шілде күні сағат 7:40-та Қостанай-Қарабұтақ автожолының 56-шақырымында жол апаты болды.  

«Ниссан» маркалы көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, салдарынан «Шахман» жүк көлігімен соқтығысқан. 

Жол апатынан үш ер адам көз жұмды: жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы.  

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.