Тілсіз жаудан көк туымызды құтқарып қалды

Қызыл жалын шарпыған ғимарат үстіне көтеріліп, көк жалауымызды алып шыққан азаматтың әрекеті көпшілікті сүйсіндірді.

Оқиға Түркістанның Сайрам ауданына қарасты Шіркін ауылында болған.

Белгілі болғандай, Қансейіт Мұхаммед есімді жігіт сол жердің тумасы. Ол өртке оранған Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейді. Төтенше жағдай кезінде Қансейіт шұғыл шешім қабылдап, өртеніп жатқан шатырға шыққан. Артынша туды алып, төмендегілерге берген. Ғимараттың шамамен 425 шаршы метрін өрт шарпыды. Оқиға орнына 8 өрт сөндіру қызметі мен 37 жеке құрам жедел жетіп, тілсіз жау тым-типыл болды.