Қарағанды автожолында жол-көлік оқиғасынан 21 адам көз жұмды

Биылғы жылдың шілде айының басынан бері Қарағанды мен Ұлытау облыстарының автожолдарында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 адам көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар бұл көп жылдан бері қайталанбаған антирекорд деп отыр. Көбінесе адам өліміне әкелетін бас-ми жарақаттары. Мысалы тек осы айдың 15-ші жұлдызы Қарағанды төңірегінде болған екі апаттан 10 адам қаза тапты. Оның бірі – бала. Шет ауданы маңындағы микроавтобус пен «МАN» көлігі соқытғысуы салдарынан ауыр жарақат алған екі адам әлі де ауыр жағдайда жатыр. Әзірге оларды алып жүруге болмайды, сондықтан аудандық ауруханада дейді мамандар. Тағы бірнеше жарақат алғандарды санавиация арқылы облыс орталығына жеткізген. Жол апаты салдарынан ай басынан бері 224 адам зардап шегіп, 64 адам ауруханаға жатқызылған.

Ерік Шонбаев, облыстық Травматологиялық орталықтың бөлім жетекшісі:

- Апаттық жағдай өте көп болып кетті. Оның үстіне олар бірінші кезекте бізге жеткізіледі. Жарақаттары өте ауыр болып жатады. Соңғы уақытта ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген 35 адамның 11-і ауруханада қаза тапты. Олардың жағдайлары аса ауыр болды.