Павлодарда дала өрті өршіп тұр

Ертіс өңірінде соңғы үш айда 100-ге жуық орман және 145 дала өрті болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрт мың гектар алқап жанып кеткен. «Оттың тұтануына адамдардың салғырттығы мен найзағай себеп», – дейді мамандар. Қазір шаруа қожалықтары қысқы мал азығын дайындап жатыр. Осыған орай, құзырлы мекемелер өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті.  Мобилді топ жиі рейд жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жүр. Өртке себеп болған 38 адам жауапқа тартылды.   

Сергей Огай, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

Дала өрттеріне найзағай жарқылы да себеп. Соңғы жылдары табиғи құбылыстар салдарынан пайда болған өрт көлемі ұлғайған. 10 жыл бұрын бір кезеңде дала өртінің үлесі небары 5-10 процентті құраған. Қазіргі уақытта 70 процентке жетіп отыр. Себебі ауа температурасы өткен жылдарға қарағанда көтерілген.