Шалқарда бірқатар ғимараттың шатыры ұшты

Шалқарда бірқатар ғимараттың шатыры ұшты

Сапасыз құрылыстың салдары. Ақтөбе облысына қарасты Шалқар қаласында қатты жел  бірнеше әлеуметтік нысанның шатырын ұшырып әкетті. 

Қазгидромет мамандарының мәліметі бойынша аймақта желдің екпіні секундына 21 метрге дейін жеткен. Мектептің, спорт кешенінің, жеке тұрғын үй мен сигнал беру және байланыс дистанциясының шатыры қираған. 

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында авараиялық-қалпына келтру жұмыстары жүргізіліп жатыр.