Атырау облысында Теңіз кенішінде жұмысшылар тамақтан уланды

Кен орнындағы «ISKER» мердігер мекемесінің 30-дан астам қызметкері кеше өздерін жайсыз сезінген,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Кейін олардың тамақтан уланғаны анықталды. Ал Жылыой аудандық орталық ауруханасында 11 жұмысшы ем қабылдап жатыр. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстары басталды. Барлық тамақтан сынама алынып, зертханаға тапсырылған.