Павлодарда шұңқырға құлаған адам жазым бола жаздады

Павлодар тұрғыны көшедегі шұңқырға құлап кеткен. Төтенше жағдайлар қызметіне осындай хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел жеткен құтқарушылар ойықта аяғы жартылай топыраққа көмілген ер адамды байқаған. Ол өз бетімен шыға алмай, әбден әлсірегенге ұқсайды. Құтқарушылар 1992 жылы туған ер адамды қазып алып, аяғын босатқан соң жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.